2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда астық жинау комбайндарының өндірісі 3,2% артып, 1088 бірлікті құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы тракторларының өндірісі де ұлғайды.
Есепті кезеңде қазақстандық өндірушілер 6 421 трактор шығарған, бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,9% көп (5 402 трактор).
Жалпы алғанда, Қазақстандағы машина жасау өндірісі 9,7% артты. 2024 жылға қарай елде машина жасау саласында 320 кәсіпорын жұмыс істеген.