«Наурызнама» онкүндігі аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлері арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараға ведомствоның 100-ге жуық қызметкері қатысып, оның басты мақсаты ұжымдық рухты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық дәстүрлерді дәріптеу болды.
Ашылу салтанатында министрліктің аппарат басшысы Сергей Ли мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс бағдарламасына тоғызқұмалақ, асық ату, шахмат, қазақша күрес және 16 келілік гір тасын көтеру сияқты спорт түрлері енгізілді. Сонымен қатар, арқан тарту бойынша командалық сайыс ерекше қызығушылық тудырды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.