Ауыл шаруашылығы министріне бірегей өнім өндірісі таныстырылды

30 Наурыз 2022, 22:37
1429
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы министріне бірегей өнім өндірісі таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қазақстандық «Амиран» тағамтану академиясының зауытында болып, өндіріс үдерісімен танысты, жем (комбикорм) зауытын, сауу залын, мал жаятын алаңды көріп, дайын өнімге жоғары баға берді.

Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінгі таңда зауыт тәулігіне 15 тонна сүт өңдейді және 6 айдан бастап балаларға арналған өнімдердің 5 түрін, сондай-ақ ересектерге арналған өнімдердің 15 түрін шығарады. Зауыттағы өндірісте 120-дан астам адам жұмыс істеп жатыр. 

Зауыт директоры Алла Пак министрге өнім өндірудің технологиялық процесін көрсетіп, «компанияның қызметі қазақстандық балалардың денсаулығы сияқты еліміз үшін маңызды міндетті шешуде тек инновациялық тәсілге негізделіп отыр» деп атап өтті. Зауыттың өзінің ірі қара мал басы, дамыған жемшөп базасы және «сүттен бастап, балалар тағамына дейінгі» сүт өнімдерінің танымал желісі бар. 

Академик, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры Аманкелді Садановпен кездесу барысында министрге бірегей өнім - сүт өнеркәсібінің қайталама өнімі және өте пайдалы сусын болып саналатын сүт сарысуы таныстырылды. Өндіріс ғылыми-өндірістік орталық пен «Амиран» Қазақстан тағамтану академиясы зауытының ортақ күш-жігерінің арқасында жолға қойылған. 

 Бірлескен қызмет нәтижесінде жаңа сусын – «Lacto-АС» әзірленді. Ашытқыны ғалымдар ғылыми-өндірістік орталықта жасайды, ал сусынның өзі «Амиран» ЖШС зауытында өндіріледі. Жоба жетекшісі, биология ғылымдарының кандидаты Байкен Баймаханованың айтуынша, сүт сарысуында сүттегі ең жақсы элементтер бар. 

 Бұл ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылының жарқын мысалы, қызықты жоба. Сондай-ақ ең бастысы, барлық тарапқа: институт, өндіріс пен тұтынушы үшін тиімді жоба деп санаймын. Сарысу мен ашытқыда адам денсаулығына пайдалы көптеген пайдалы микроэлементтер бар. Институт республиканың басқа сүт зауыттарында одан әрі көбейтіп шығару мүмкіндігі бар. Ісін жаңа бастаған пионер бола тұра, «Амираның» институт сатып алған жабдықта өзінің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндігі бар. Бұрын кәрізге құйылып келген сүзбе сарысуын пайдалануды ұлғайтып, осылайша өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қоса алады. Бізге осы оң тәжірибені кеңінен тарату қажет, - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев. 

Кездесу соңында министр кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесіп, олардың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, кәсіпорын консерванттар, тұрақтандырғыштар мен бояғыштарды пайдаланбай заманауи, сұранысқа ие, ең бастысы табиғи отандық өнім шығаратынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы