Ауыл шаруашылығы министрі субсидиялау базасы қайта қаралатынын айтты

18 Маусым 2019, 12:47
1910
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы министрі субсидиялау базасы қайта қаралатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде келер жылдан бастап субсидия бөлудің жаңа қағидаты енгізілетінін мәлімдеді.   

«Біріншіден, субсидияны есептеудің негізіне өңірдің жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі алынды. Бұл ауыл шаруашылығы өндірісін өсіру әлеуетіне ие өңірлерді қолдап отыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің интернетпен қамтылуын есепке ала отырып, субсидиялау жүйесін автоматтандыруды аяқтаймыз деп отырмыз. Бүгінде 30% ғана автоматтандырылды», - деді Омаров.

Министр ведомствоның жоспарлары агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарына толықтай сәйкес келетінін, есеп беру кездесуіне қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар қажет болған жағдайда министрліктің жұмыс жоспарына қосылатынын айтты.
Өзгелердің жаңалығы