Ауыл шаруашылығы машинасын жасау көлемі артты

22 Қыркүйек 2020, 14:53
1778
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы машинасын жасау көлемі артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 8 айдың қорытындысында отандық кәсіпорындар 20,3 млрд теңгеге 1 118 трактор және 34,7 млрд теңгеге 736 комбайн өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе артық.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды ынталандыру мақсатында тракторлар мен комбайндарға жеңілдікті лизинг бағдарламасын іске асыруда. Бағдарламаның негізгі шарттары техника құнының 15% бастапқы жарнасымен 7 жылға 7%-бен лизинг алушыға қаржыландыру ұсынылады. 2018 жылы бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 3 млрд теңге, 2019 жылы 3,5 млрд теңге және 2020 жылы 6,5 млрд теңге бөлінді.

Саланы әрі қарай қолдау мақсатында жеңілдікті лизинг бағдарламасы шеңберінде «ҚДБ-Лизинг» АҚ арқылы тракторлар мен комбайндарға 2021-2025 жылдарға 13,5 млрд теңге мөлшерінде қосымша қаражат бөлу ұсынылып отыр. Сонымен қатар, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау жөніндегі агроөнеркәсіптік кешен бағдарламасы шеңберінде шетелдік техникаға берілген субсидиялар көлемін мемлекеттік қаржыдан жылына бөлінетін субсидиялардың барлық көлемінің 30%-нан аспайтын мөлшерде белгілеу жоспарланып отыр, - делінген ҚР ИИДМ ақпаратында.

Өзгелердің жаңалығы