«Ауыл» мен «Бірлік» партиясы біріге ме? - Съезд делегаттары дауысқа салды

9 Қыркүйек 2020, 12:10
2129
Бөлісу:
«Ауыл» мен «Бірлік» партиясы біріге ме? - Съезд делегаттары дауысқа салды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XVII съезі екі партияның қосылуы туралы ұсыныс қаралды.

Жұмыс тобының жетекшісі Қуаныш Сейтжанов съезд делегаттарын жұмыс тобының қорытынды есебімен таныстырды. 
Ол «Бірлік» партиясының еліміздің саяси-қоғамдық өміріне араласу белсенділігінің төмен екендігін айта келе, партияның құрылымдық бөлімшелеріндегі жұмыстарда тұрақтылық пен бірізділік жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ ол жұмыс тобының «Бірлік» партиясының жарғысы мен бағдарламасына жылдар бойы өзгерістер енгізілмегендіктен ондағы көптеген мәселе заманауи саяси жағдаятта өзінің өзектілігін жойған, - деп Сейтжанов жұмыс тобы жүргізген мониторингпен съезд делегаттарын таныстырды. 

Оның сөзінше, «Бірлік» партиясының «Ауыл» партиясына қосылуы ешқандай да саяси бедел әкелмейді. 

Дауысқа салу барысында делегаттардың басым бөлігі жұмыс тобының қорытындысын қолдап, «Бірлік» саяси партиясының «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына қосылу туралы ұсынысына қарсы дауыс берді.

Яғни 73 делегат қосылуға қарсылық танытса, 7 делегат қосылуға қарсы болмады, ал 1 делегат қалыс қалды.
Өзгелердің жаңалығы