Кәсіпкерлер өз қаржысына ауыл көпірін жөндеді

13 Маусым 2019, 12:07
2854
Бөлісу:
Кәсіпкерлер өз қаржысына ауыл көпірін жөндеді
PHOTO

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жетісай ауданы, Жылысу ауыл округі, Кәрімата елдімекенінде бұзылып тұрған көпірді жергілікті кәсіпкерлер өз қалтасынан қаражат шығарып, жөндеп берді. Себебі, бұзылған көпірдің салдарынан ауылға ірі жүк көліктері қатынаудан қалған болатын.

Кәсіпкерлер өз қаржысына ауыл көпірін жөндеді

«Осыдан екі апта бұрын Кәрімата елдімекенінің тұрғындары ауылдарына кіре берістегі үлкен көпірдің құлайын деп тұрғанын айтып, аудан әкімдігіне шағымданған болатын. Мән-жаймен толық танысу үшін аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев ауылға арнайы барып қайтты. Әкім тез арада көпірді демеушілердің есебінен жөндеуге тапсырма берді. Нәтижесінде 3 күн ішінде ауылдағы негізгі көпір жөндеуден өтіп, ел игілігіне қайта тапсырылды», - деді Жетісай ауданы әкімінің кеңесшісі Айдар Сейдазым.

Кәсіпкерлер өз қаржысына ауыл көпірін жөндеді

Айта кетейік, аудандағы ағын су каналындағы көпірдің жөндеу құрылыс жұмыстарын Жетісай аудандық қызмет коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырды.  

Кәсіпкерлер өз қаржысына ауыл көпірін жөндеді

Бүгінде аталған ауылда 23 отбасы тұрады. Халықтың негізгі күнкөрісі –  егін шаруашылығы. Қазіргі таңда, егістік алқаптарындағы бақша дақылдарының пісіп-жетіліп тұрған кезеңі болғандықтан, жүк көліктерінің ары-бері қатынауына көпір ауадай қажет болатын.

Кәсіпкерлер өз қаржысына ауыл көпірін жөндеді
Өз кезегінде, ауыл тұрғындары өткелдің тез арада қайта жөнделіп, қолданысқа берілгеніне риза болып, алғыстарын айтты.
Өзгелердің жаңалығы