Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес мектептердің апаттылығын жою және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында БҚО бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 27 мектептің құрылысы жоспарланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 3 мектептің құрылысы жүргізіліп, 2-уі пайдалануға берілді, 15 мектеп облыстың 7 ауданында КПО б.в. компаниясының әлеуметтік міндеттемелері шеңберінде салынуда, оның 7-і жыл соңына берілуі жоспарда, ал 2 мектептің құрылысы 2024 жылға ауыспалы. Қазіргі таңда 6 ШЖМ пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 16200 орынға 18 мектептің құрылысы жоспарланған, оның 8100 орынға 9 мектебі 2023 жылы басталып 2024 жылы пайдалануға беру, 2024 жылы 8100 орынға 9 мектептің құрылысы басталып 2025 жылға аяқтау жоспарланған.
Магистрал жалпы орта білім беретін орта мектебінің ескі ғимараты 1986 жылы салынған, спорт зал, акт зал жоқ.
Мектепте 113 оқушы білім алады, оқыту аралас тілде ұйымдастырыладымектепалды даярлық тобында 10 бала, мектеп жанындағы шағын орталықта 15 бала тәрбиеленуде, 44 педагог қызмет атқарады.
Берілетін жаңа мектеп ғимаратының жобалық қуаттылығы 108 орын, мердігер - «КА-Строй ЛТД» ЖШС.
Жаңа ғимаратта 14 оқу кабинеті бар, оның ішінде біріктірілген химия-биология, физика-математика, қазақ тілі - орыс тілі, шетел тілі, мультимедия, информатика кабинеттері бар. Сонымен қатар 2 шеберхана, кабинеті,спортзал, кітапхана, 70 орындық акт залы, 40 орындық асханамен жабдықталған.
Мектеп ауласында 3 ойын, футбол, баскетбол, жүгіру және спорт алаңдары бар.