Ауыл әйелдерін біріктіру өте маңызды – Айсина

3 Қараша 2021, 16:48
1301
Бөлісу:
Ауыл әйелдерін біріктіру өте маңызды – Айсина

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина «Әйелдер кәсіпкерлігі: жаңа мүмкіндіктер мен проблемалар» брифингінде айтты.

Қазір біз әйелдерге кәсіп ашу үшін грант бөлеміз. Осы күнге дейін грант алғандардан бірде-бір рет көңіліміз қалған жоқ. Сондықтан әйелдерге грант беру керек. Өткен жылдан бастап «Еңбек» бағдарламасы аясында да 550 мың теңге көлемінде грант беріледі. Бұл - үлкен қаржы емес. Біз қазір әйелдердің басын біріктіру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біз оларға «Кооперация туралы» заң бар екенін, оның аясында бірігуге болатынын түсіндіреміз, - деді ол.

Айсина грант алған әйелдерге жеке-жеке қолдау көрсетілетінін айтты.

Гранттың қаржысын рационалды қолданылуына да сүйемелдеу жүргіземіз. Әйелдердің басын біріктіру керек. Несие алған ійелдердің 98 пайызы мемлекетке арызын қайтарып береді. Бүгінгі таңда грант алған 81 әйел сәтті жұмыс істеп жатыр, - деді Майра Айсина.

Айта кетейік, елордада 5 қараша күні Ауыл әйелдерінің IV форумы өтеді.




Өзгелердің жаңалығы