Ауыл әйелдерімен жүйелі жұмыс жалғаса береді– Сүлейменов

15 Шілде 2022, 16:49
904
Бөлісу:
Ауыл әйелдерімен жүйелі жұмыс жалғаса береді– Сүлейменов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global дамыту» коалициясының атқарушы директоры «директоры Асхат Сүлейменов Қазақстанның батыс облыстарының өңірлік форумында айтты.

Он жылдан бері ауыл әйелдерімен  тығыз жұмыс жүргізіп, олардың қажеттіліктерін білгеннен кейін біз орыс және қазақ тілдерінде сұранысы басым 17 бизнес бағыт бойынша видео сабақтар әзірлеп, farmerschool.kz тегін оқыту порталын құрған болатынбыз, - деді Сүлейменов. 

Оның айтуынша, 2020 жылдың басынан бері бұл порталда 5500-ден аса ауыл әйелдері кәсіби біліктілігін арттырды.

 Былтыр farmerschool.kz порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің skills.enbek.kz платформасына интеграцияланды. Биыл «Coca-cola белестері» байқауы аясында 20 ауыл әйеліне өз ісін ашуға грант берілетін болады. Ауыл әйелдерімен жүйелі жұмыс өз жалғасын табады,-деді Асхат Сүлейменов.

Айта кетейік, форум республика бойынша жоспарланған 4 өңірлік форумның екіншісі. Облыстық форумдардың қорытындысы бойынша қарашада Ауыл әйелдерінің V Республикалық форумы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы