Ауыл әйелдері: Мансап пен табыс

30 Қазан 2020, 16:13
1758
Бөлісу:
Ауыл әйелдері: Мансап пен табыс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қарағанды облысы әйелдерінің форумы онлайн форматта өтті. Шарада облыстың іскер әйелдері жетістіктерінің құпиясымен бөлісті. Сондай-ақ, кәсіп ашу мен әйелдерді қолдауға арналған бағдарламалар туралы айтылып, бірқатар түйіткілді мәселе қозғалды.

Қазақстанның ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Мәжіліс депутаты Майра Айсина 8 жыл бойы әлеуметтік жобаның нәтижелі жұмыс істеуіне Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамтыу коалициясы мұрындық болғанын айтты.

Ал Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов былтыр өткен Қарағанды  облысы әйелдерінің форумына 150-ден астам адам қатысып, 8 жетістіктің тарихы баяндалғанын айтты.

Мұндай форумдарды ауылдың тұрақты дамуын қарастыру, «Ауыл өнімі» арнайы жобасының іске асыруға жәрдемдесу, ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін қарастыру және ТДМ-30 жетістіктеріне әйелдер арқылы қалай жетуге болады. Сол арқылы қарастыру. Біз Салтанат Темірқұлқызы бастаған бастамаларды жалғастырып, жұмыс істеп жатырымз. Әрі қарай осы істерді жалғастырып жатырмыз. 30 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр, - деді Асхат Сүлейменов.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов өзі де ауыл әйелінің отбасысында тәрбиеленгенін айтты.

Қарағанды облысы әкімдігі өңірдің жақсы кәсіпкерлеріне әкімнің атынан гранттар беріліп тұрады. Келіншектердің кәсібін қолдап жіберсек, әрі қарай өздері алып кетеді. Келесі жылы оны ауқымдырақ етіп, қаражаттың көлемін арттыруды көздеп отырмыз, - деді ол.

Жетістіктің тарихы

Арайлым Қыстаубай Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Еңбек селолық округіндегі Қарағаш ауылында туған. Алғаш еңбек жолын 31 тамыз 1998 жылдан бастаған. 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы ЖОББ №44 мектептің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ еңбек етіп келеді, бастауыш сынып мұғалімі. Көп балалы ана. 5 баланың анасы.

Отбасым 2017 жылы аудандық «Мерейлі отбасы» сайысында бас жүлде алып, облыстық «Мерейлі отбасы» сайысына қатысты. Сыныбында білім сапасы 82% құрайды. Білім беріп қана қоймай ата-аналармен де сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырып отыруға тырысамын, - дейді Қыстаубай.

Оның айтуынша, оқушылары жылда республикалық «Зерде» ғылыми жоба сайысының облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

Бағдат Бекежанова Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 1988-1990 жылдары Целиноград қаласындағы кооперативтік техникумды есепші-тауартанушы мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылдан Ресей мемлекетінің Мәскеу қаласындағы  заң иститутын экономика факультеті бойынша бітірген.

Еңбек жолын  1982 жылы  Жаңаарқа аудандық статистика бөлімінде оператор болып бастадым. 1983-1986 жылдары аудандық статистика бөлімінің тұтынушылар одағы  филиалында маман  болып, 1995 жылдан бастап жеке кәсіпкермін. 2012 жылдан бастап Жаңаарқа ауданының кәсіпкерлер  қауымдастығының төрайымымын. Сонымен қатар Жаңаарқа ауданының үздік кәсіпкерлерінің бірі атандым. 1995 жылдан бастап кәсіпкерлік саласымен айналысып келемін. Қызығы мен қиындығы қатар  жүретін бизнес саласы жан жақты ізденісті қажет етеді. Шағын ғана сауда орталығымен бастап, 2009 жылы аудан орталығынан екі қабатты 1440 шаршы метр  сауда үйінің жұмысын іске қосып, 20 адамды жұмыспен қамтыдық. Уақыт өте келе бизнесіміз дамып, өз жемісін бере бастады. 2016 жылы ұлым Аянға жекеменшік балабақша ашу жайлы ой келді. Бұған дейін мектепке дейінгі тәрбиемен жұмыс жасап көрмегендіктен, қорқыныш сезімі болды. Ұлымның бұл ойын үш жыл бойы отбасымызбен талқылап, жан жақты қарастырып,  2019 жылы балабақша кезегінде тұрған бала санының көптігін ескере келе, балабақша ашуға шешім қабылдадық, - дейді ол.

Бекежанованың айтуынша, елімізде кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде, соның ішінде балабақша ашамын дегендер үшін де мол мүмкіндіктер  бар.

2019 жылдың қазан айында осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып 5 миллион өз қаражатымыз және «Даму МИО» бағдарламасы  арқылы 25 миллион теңге несие алып сауда үйінің бір бөлігін балабақшаға бейімдеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  негізінде «Балауса» балабақшасын аштық. 100 балаға шақталған тәрбие ошағында 30 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Білікті педагогтар балғындарға тағылымды тәліммен қатар, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін де үйретуде. Ғимаратта бүлдіршіндердің  ойнап-тынығатын бөлмелерінен бөлек, спорт залы, денсаулық бөлмесі, асхана, киім ауыстыру, медициналық көмек көрсету, киім жуу, гимнастика және  мұғалімдер кабинеттері де бар.Алдағы уақытта 1 жастан асқан балғындарды қабылдау ойымызда және ата-аналарының алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік жасап, яғни жұмыстан кеш шығатын ата-аналар үшін ыңғайлы ғып, сондай-ақ, демалыс күндері де жұмыс істеп, балаларды үйіне дейін жеткізіп салу да жоспарымызда.Осы балабақша қабырғасынан  талай жас ұрпақ  тиянақты тәрбие алып, келешекте еліміздің  лайықты азаматы болып өсіп шығатындығына сенімдімін, - дейді ол.

Өз кезегінде Гүлбаршын Матниязова  2005 жылы Өзбекстан Республикасынан атамекенге көшіп келген.

Қазір Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерное ауылында тұрамын. Шымкент педагогика университетінің технолог мамандығының соңғы курсында оқимын. Ұмыт қалған қазақ халқының жүннен, киізден ұлттық бұйымдар жасау өнерін балалық шағымнан әжемнен көріп, үйреніп өстім. Отбасымда күйеуім ағаш шебері. Бір ұлымыз бар 9 сынып оқушысы, ол да шебер. Қазақстанға келгелі 2008 жылдан бастап осы күнге дейін шетелдерде, республикамыздың басқа облыстарында қазақ қолөнерін көрмелерде, халықаралық байқауларға, қатысып, насихаттап жүрмін. Сату жағынан келсек, қазір интернет дамыған заманда ауылда да әлеммен байланыс жасап, сауда саттық жасап тауарларды өткізіп отырмын, - дейді Матниязова.

Оның айтуынша,   жүн арнайы Тараз қаласында фабрикада өңделгендіктен қош иісті, үлбіреген мақпалдай жұмсақ.

Киізге бен текеметке ауылдағы қой жүндерін жинап басамын. Таза табиғи жүн мен таза жібек матадан жасайтын бұйымдарым:  текемет, тәпішке, пима, күртеше, куртка, киізден аяқ киімдер, кардиган, көйлек, накидка, желет, пальто, ойыншықтар, сумкалар, кәдесыйлар, жүннен картиналар басып, киіз үйдің киізін, өрмекпен алаша, кілемдер емдік антибактериялық қасиетке өте бай, - деді ол.

Айта кетейік, ZOOM арқылы өткен онлайн шараға Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен 120-дан астам адам қатысты. 

Өзгелердің жаңалығы