"Ауыл аманаты" жобасы аясында 538 жаңа жұмыс орны құрылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылға арналған жобалардың әлеуетті пулын қалыптастыру шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін анықтау үшін 327 елді мекенде 135 ауылдық округ бойынша 8 ауданда сауалнамаларға сәйкес скрининг жүргізілді.
Ағымдағы жылы скрининг қорытындысы бойынша несиелеуге облыс аудандарының барлық ауылдық округі тартылатын болады. Ағымдағы жылға 1 320,0 млн теңге бөлінді. 538 жаңа жұмыс орнын құру және атаулы әлеуметтік көмек алатын 10 адамға несие беру жоспарлануда.
Барлығы 264 несие беру жоспарлануда. Олардың ішінде:
- Мал шаруашылығы саласында 132 несие;
- Өсімдік шаруашылығы саласында 106 несие;
- Ауыл шаруашылығы емес бизнеске 26 несие.
Әр ауданда кемінде 1 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған. Барлығы 10 кооператив құрылады.