Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Аутист балаларды өлтіру керек": Даулы пікір үшін Алматыда блогерге қылмыстық іс қозғалды

9 Қыркүйек 2025, 21:45
1326
Бөлісу:
 polisia.kz
PHOTO
Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желілерде ерекше балаларға қатысты өрескел әрі заңсыз пікір білдірген блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"AUTISM KAZAKHSTAN" Ұлттық ассоциациясына соңғы күндері ерекше балалардың ата-аналарынан көптеген шағым түскен. Олар блогер Райхан Жұмамұратованың әлеуметтік желідегі жазбасына наразы болған.

"Аутист балаларды өлтіру керек": Даулы пікір үшін Алматыда блогерге қылмыстық іс қозғалды

Ассоциация мәліметінше, блогер @_a_k_o_n_i атты Instagram аккаунтынан Алматыда 23 тамызда болған қайғылы жағдайға байланысты жарияланған жазбаның астына ерекше балаларға қарсы «балаларды өлтіру» туралы өшпенділікке толы пікір қалдырған. Кейіннен бұл аккаунт жабылып немесе қайта аталған.

"Аутист балаларды өлтіру керек": Даулы пікір үшін Алматыда блогерге қылмыстық іс қозғалды

Алайда блогердің басқа @ersaevna_ парақшасында да ерекше балаларға қатысты пікірлері жарияланған. Сол жазбалардың бірінде ол "мұндай балаларды интернаттарға жабу қажет" деген пікір айтқан.

"Аутист балаларды өлтіру керек": Даулы пікір үшін Алматыда блогерге қылмыстық іс қозғалды
"Аутист балаларды өлтіру керек": Даулы пікір үшін Алматыда блогерге қылмыстық іс қозғалды

Ата-аналардың айтуынша, мұндай мәлімдемелер қоғамда резонанс тудырып, ерекше балалардың құқықтарына нұқсан келтіреді. Осыған байланысты Ассоциация Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне ресми түрде жүгінген.

Бұл дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Блогердің жеке басы анықталды, заң аясында тиісті шаралар қабылданады. Естеріңізге сала кетейік, қорлау, әлеуметтік алауыздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын кез келген әрекет үшін қылмыстық әрі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Құқыққа қарсы әрекетке шақыратын кез келген пікірге жол берілмейді, – деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаменті ресми түсініктемесінде.

"AUTISM KAZAKHSTAN" ассоциациясы бұл жағдайға қоғамның назарын аударып, ерекше балаларға құрметпен қарау — әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы