-
-
ХҚКО жұмыс уақыты ұзартылды
Алматы, BAQ.KZ. Еліміздің кейбір облыстарында бас санитарлық дәрігерлердің шешімімен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды.
11.08.2020
-
Кен іздеушілер кірісін салықтық әкімшілендіру қалай жүзеге асырылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда бағалы металдар мен асыл тастарды өндіретін 25 кен іздеуші тіркелген. Оның тек үшеуі биыл, қалғаны 2019 жылы тіркелген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
11.08.2020
-
Екі жаңа портал іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы және мемлекеттік БАҚ порталы деп аталатын екі жаңа порталды іске қосты.
11.08.2020
-
COVID-19 пандемиясымен күресу мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бейнеконференция форматында "Орталық Азия + Жапония" диалогы сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс кеңесіне қатысты. Аталған алаң COVID-19 пандемиясына қарсы тұру аясында ерекше маңызға ие болды, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
11.08.2020
-
Түркістанда 11 нысанның құрылысы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы 11 нысанның құрылысы толық аяқталды.
11.08.2020
-
Алматыда жаяу патрульдеудің арқасында 57 қылмыс ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы жаяу патрульдеу – қылмыстың тез ашылуына себепкер болды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
11.08.2020
-
Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бағасы 5%-ға өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Статистика комитетінің мәліметінше, өткен жылдың шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда биыл елімізде жаңа тұрғын үй бағасы 5,4%-ға өсті, деп жазды krisha.kz сайты.
11.08.2020
-
Семей дәрігерлеріне қызметтік көлік кілті табыс етілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласының 19 дәрігері қызметтік көлікке ие болды. Жыл соңына дейін медициналық жабдықтары бар 216 жедел жәрдем көлігі сатып алынады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
11.08.2020
-
Атырауда ауданның бас дәрігері өңірдегі ахуал туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Махамбет ауданы орталығында төрт, әр ауылда бір мобильді жедел топ тұрғындардың хабарламасы арқылы үйлеріне барып, науқасқа медициналық көмек көрсетуде, деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
11.08.2020
-
"Алматы марафон" онлайн режимде өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Инстаграмдағы Almaty Marathon ресми парақшасында VirtualRun тегін онлайн-жүгірудің басталғаны туралы хабарланды.
11.08.2020
-
Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағындағы бетон құрылыстар алынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық кеңес Іле Алатауы ұлттық паркіндегі экотуризмді орнықты дамыту жұмыстарымен танысты. "Туранга групп" компаниясының директоры Александр Гужавин бүгінгі күні қандай жұмыс жасалғанын баяндады, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.
11.08.2020
-
Шымкентте провизорлық стационарлардағы 80 пайыздан астам төсек-орын босады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлімдеді, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
11.08.2020
-
Абайдың шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұлы ақын, ойшыл, ағартушы шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды.
11.08.2020
-
Елорда әкімі бірқатар кәсіпорындардың құрылыс барысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтай Көлгінов өзінің Инстаграмдағы парақшасында қаладағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтты деп, хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
11.08.2020
-
Моңғолияда тұратын қазақ әншісі дүниеден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таланты актриса, әнші Моңғол елінің еңбек сіңірген әртісі Жекей қызы Хаду 78 жасында дүниеден өтті, деп жазды әлеуметтік желіде Баян-Өлгей аймағындағы М.Хұрманхан атындағы "Алтын жұлдыз" орденді МД Театрының әкімшілігі.
11.08.2020
-
Әкімдердің сағаты қанша тұрады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде Қарағанды және Қызылорда әкімдерінің сағаттарының құны талқыланып жатыр.
11.08.2020
-
2 млн-нан астам қазақстандық карантин кезінде біржолғы төлем алды
Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. 11 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 520 мың бірегей өтініш қабылданды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
11.08.2020
-
Алматы облысында кәсіпкерлер үшін call center іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин жағдайы экономика салаларының ішінде шағын және орта бизнеске де біраз қиындықтар туғызды.
11.08.2020
-
Атырауда 15 мыңнан аса оқушыға мектеп компьютерлері берілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында оқушыларға қажетті компьютер жетіспеушілігін шешу мақсатында 15 246 мектеп компьютері қайтарымды келісіммен таратылып берілуде, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
11.08.2020
-
Абай шығармалары хинди тіліне аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ ғалымы, философ, жазушы, ақын және гуманист Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Үндістанның мәдени қатынастар жөніндегі кеңесі (ICCR) автордың әйгілі "Қара сөздер кітабын" хинди тіліне аударды, деп хабарлады Үндістанның Қазақстандағы елшілігі.
11.08.2020
Наверх