Australian Open турнирін жеңген Рафаэль Надальді допинг қолданды деп айыптауда

31 Қаңтар 2022, 19:28
1382
Бөлісу:
Australian Open турнирін жеңген Рафаэль Надальді допинг қолданды деп айыптауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеулік «Спартак» футбол командасының бұрынғы президенті Андрей Червиченко Australian Open-2022 турнирінің жеңімпазы Рафаэль Надальді допинг қолданған деп айыптады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Испаниялық теннисші Австралия ашық біріншілігінің финалында ресейлік Даниил Медведевті 2:6, 6:7 (5:7), 6:4, 6:4, 7:5 есебімен жеңді. Ойын 5 сағат 24 минут болды.

Мен жындыға ұқсайтын шығармын, бірақ 35 жастағы адам төртінші және бесінші сеттерде ойынның басындағысынан жылдам жүгіре алмау керек. Оның соққыларының дәлдігі қандай да бір дәруменсіз дәл осындай болмайтын еді. Финалда Надаль емес, допинг жеңді. Мен өзім де ойнаймын. Сондықтан физикалық күштің қалай аяқталатынын білемін. 25 жастағы Медведевке әр үзіліс сайын массаж жасап, қалыпқа келтіріп отырды. Ал Надаль болса мүлде қателеспей, екі есе күшті болып ойнады. Бұл қалай сонда? Оның үстіне ойынның басында Надальдан Ниагараның сарқырамасы сияқты тер аққан еді. Сондықтан мен бұл жерде барлығы таза болды деп айта алмаймын, - деді Червиченко.

Надаль осымен 21 рет «Үлкен дулыға» санатындағы турнирде топ жарып, бұл көрсеткіш бойынша сербиялық Новак Джокович пен швейцариялық Роджер Федерерді артта қалдырды.

Өзгелердің жаңалығы