Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Australian Open-2026: Елена Рыбакина финалға шықты

Бүгiн, 17:27
118
Бөлісу:
 ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open–2026 «Үлкен дулыға» турнирінің финалисі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жартылай финалда Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді. Тартысты кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.

Финалда чемпиондық атақ үшін Рыбакина Беларусь елінің теннисшісі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Australian Open турнирінің жұптық разрядының финалына қазақстандық Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге шыққан болатын.

Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы жарыста қазақстандық теннисші Зангар Нурланұлы жүлде үшін күресін жалғастырады.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтің ТОП-5 қатарындағы орнын сақтап қалған еді.

Айта кетейік, әлемнің бұрынғы 1-ракеткасы, US Open–2003 чемпионы, америкалық Энди Роддик Елена Рыбакинаның 2026 жылғы маусымда "Үлкен дулыға" турнирін жеңіп алуына толық мүмкіндігі бар деп болжам жасаған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы