Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен жұптық сында өнер көрсеткен қазақстандық Анна Данилина Australian Open-2022 турнирінің финалында ұтылды деп хабарлайды Olympic.kz.
Бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен жұптасып өнер көрсеткен Данилина финалда чехиялық Барбора Крейчикова/Катержина Синякова жұбына жол берді.
Үш сетке созылған матчта чехиялықтар 7:6(7:3), 4:6, 4:6 есебімен жеңіске жетті.