Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауқымды циклон: Аяз, қар, жаңбыр және боран соғады

Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды циклонның әсерінде екенін айтады. Соған байланысты бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, 18 желтоқсан күні кейбір өңірлерде қатты жауын-шашын болуы мүмкін.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауып, жауын-шашын түсуі ықтимал. Таулы аймақтарда боран соғып, көктайғақ болады.

Республика бойынша желдің екпіні секундына 15–20 метр жылдамдықпен сақталады. Кей жерлерде 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Келесі күндері ауа райының температуралық фоны өзгереді:

Батыс өңірлерде түнде температура 3–18 градус аяздан 0–5 градус аязға дейін көтеріледі. Күндіз -5 градус аяздан +3 градусқа дейін болады.

Елдің солтүстік-батысында түнгі температура 7–23 градус аяздан 0–15 градус аязға дейін көтеріледі, күндіз -3–15 градус аяздан 0–5 градус аязға дейін өзгереді.

Солтүстік және орталық өңірлерде түнде температура 15–23 градус аяздан -5–15 градус аязға дейін көтеріледі, күндіз -10–18 градус аяздан -3–8 градус аязға дейін болады.

Шығыс өңірлерде түнгі температура 12–28 градус аяздан -7–20 градус аязға дейін, күндіз -7–18 градус аяздан -5–15 градус аязға дейін өзгереді.

Оңтүстік өңірлерде түнде температура 3–20 градус аяздан -3–12 градус аязға дейін көтеріледі, күндізгі негізгі фон 0–8 градус аяз болады.

Оңтүстік-шығыста түнде және күндіз 0–5 градус шамасында болады, ал таулы аймақтарда -8–13 градус аязға дейін төмендейді.

Синоптиктер ауа райының құбылмалы болатынын ескертеді. Сондықтан жолға шығар алдында ауа райын ескеруге кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы