Әулиекөлдегі өрт. Пара алды деп айыпталған орман шаруашылығының директоры сот залынан босатылды

24 Тамыз 2023, 12:48
545
Бөлісу:
Әулиекөлдегі  өрт. Пара алды деп айыпталған орман шаруашылығының директоры сот залынан босатылды

Әулиекөл ауданында ірі өртке себепкер болған пара алды деп айыпталған Басаман орман шаруашылығының директоры сот залынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске салсақ, айыптау актісіне сәйкес, орман шаруашылығының бұрынғы директоры 2020 жылдан 2022 жылдың қыркүйегіне дейінгі аралықта өзінің қызметтік бабын пайдаланып, жеке саудагерлерге өрт қаупі бар кезеңде рұқсатсыз ағаш дайындауға рұқсат берген. Ол үшін олардан 15 миллион теңгеден астам сыйақы алған.

«Костанайский новости» сайтының мәліметінше, прокурор Асхат Жақашевты жеті жылға бас бостандығынан айыруды және жәбірленушілерге 21 миллиард теңге көлемінде өтемақы өндіруді сұрады.

Сот талқылауы барысында істің қылмыстың бабын ауыстырды. Асхат Жақашевтың ісі сотқа Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы («Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша берілген болатын. Бұл қылмыстың құрамын сот дәлелсіз деп тапты. Нәтижесінде Жақашевты «Салғырттық» бабы бойынша кінәлі деп таныды.

Асхат Жақашевқа төрт жылға бас бостандығын шектеу және үш жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот жәбірленушілердің талаптарын қанағаттандырмады.

Сот істі қарап жатқанда Жақашев қамауда болды. Үкімді жариялау кезінде сотталушының туыстары мен достары қуаныштан көз жасын тыя алмады.

Өзгелердің жаңалығы