Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіруге 3 тікұшақ жұмылдырылды

3 Қыркүйек 2022, 22:18
1063
Бөлісу:
Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіруге 3 тікұшақ жұмылдырылды

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіру жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 235 адам, 32 бірлік техника, 3 әуе кемесі, 3 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды, оның ішінде ТЖМ - 14 бірлік техника, жеке құрамнан 61 адам, суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ; ІІМ - жеке құрамнан 33 адам; Қорғаныс министрлігі - жеке құрамнан 20 адам; Орман шаруашылығы - 15 бірлік техника,жеке құрамнан 80 адам, 1 әуе кемесі; ЖАО - 3 бірлік техника, жеке құрамнан 20 адам; "ҚТЖ" АҚ-3 өрт сөндіру пойызы (21 адам).

Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ТЖМ су ағызу құрылғылары бар 2 тікұшақ өртті сөндіру үшін әуеден 12 рет көтеріліп, 36 тонна су шашты.
Тікұшақтар суды өрт орынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан  табиғи су қоймасынан алып, өртті сөндіруде.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша Қостанай облысында жоғары температура 38 градусқа дейін, желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін сақталады.
Төтенше жағдайлар министрі Ю. В. Ильин әуеден барлау жұмыстарын жүргізді.

3 қыркүйекте метеорологиялық жағдайдың күрделенуіне, оның ішінде ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріліп, желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуіне байланысты өрт аумағы 3000 гектардан асты.

Аманқарағай және Новонежинка елді мекендерін қорғауға бағытталған күштер мен құралдарды қайта топтастыру жүргізілді. Озерное ауылынан (халық саны 250 адам) және Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен (1000 адам) халықты эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Озерное ауылында 3 тұрғын үйде өрт шықты.Өртті сөндіруге 6 өрт сөндіру автомобильі, 8 су тасу машинасы жұмылдырылды. Калинино ауылынан 228 адам, Лесное ауылынан 363 адам эвакуацияланды. Сағат 17.20-да Аманқарағай ауылындағы мұнай базасына қауіп туындады, оқиға орнында 3 өрт сөндіру автоцистернасы (2-ТЖМ, 1-Мұнай базасының Объектілік қызметі) жұмыс істеуде.

Өзгелердің жаңалығы