«Әулие-ата» – көкпардан Қазақстан чемпионы

21-27 сәуір аралығында Қызылорда қаласының атшабарында өткен көкпардан ересектер арасындағы ХХІІІ Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Қазақстан көкпар федерациясы 27 Сәуір 2024 2024, 23:25
27 Сәуір 2024 2024, 23:25
1283
Фото: Қазақстан көкпар федерациясы

21-27 сәуір аралығында Қызылорда қаласының атшабарында өткен көкпардан ересектер арасындағы ХХІІІ Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл дүбірлі додаға Абай, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау облыстарының құрама командалары мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Қарулы күштері орталық армия спорт (ЦСКА) клубы және Астана, Шымкент қаласының командалары қатысты.

Ел чемпионатында кезекті рет жеңген Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының 14 дүркін чемпионы атанып 7 000 000 теңге сыйақы алды. Алматы облысының командасы күмісті місе тұтып, 5 000 000 тг, Түркістан облысы қолаға қол жеткізіп, 3 000 000 тг, ал екінші үшінші орын Қостанай облысына 1 500 000 тг жүлде берілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ҚР Көкпар федерациясының президенті Бауыржан Исабаев, ҚР Ұлттық және ат спорты орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов пен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев марапаттап, ақшалай сертификаттар табыстады.

Наверх