Ауқымды су тасқыны болады деген қауіп жоқ - министрлік өкілі

7 Сәуір 2021, 13:00
1726
Бөлісу:
Ауқымды су тасқыны болады деген қауіп жоқ - министрлік өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Қазгидромет" мәліметі бойынша елде 2015, 2017 жылдардағыдай ауқымды су тасқыны қаупі жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен онлайн брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов айтты.

Оның мәліметінше, бүгінгі күні елдің басым бөлігінде қардың еру процесі жүріп жатыр. Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында қар толығымен еріп кетті. Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары жерлеріндегі жазықтар қардан арылды.

Жазық жерлерде су тасқынының қауіпі тек көктемнің басы кезінде болса, таулы аймақтарда қауіп қар еріп біткенше және жауын-шашын кезінде сақталады. Биыл көктемде суық күндердің ұзаққа созылуына байланысты қардың еру процессі кеш басталды. Осыған байланысты Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар әлі де еру үстінде, - деп атап өтті вице-министр Серік Қожаниязов.

Қазгидромет мәліметі бойынша 2015, 2017 жылдардағыдай су тасқынының қаупі жоқ. Бірақ ауа райының күрт жылынуы мен жауын-шашын салдарынан Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында ішінара су басу жағдайлары болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы