Ауғанстанның жаңа үкіметі бірнеше күнде жарияланады

7 Қыркүйек 2021, 13:24
6074
Бөлісу:
Ауғанстанның жаңа үкіметі бірнеше күнде жарияланады

Алматы, BAQ.KZ. «Талибан» қозғалысының ресми өкілі Забихулла Муджахид тәліптерге бағынбай отырған Панджшерді толықтай басып алған соң Ауғанстанның жаңа үкіметі жарияланатынын мәлімдеді.

Ол Кабулда өткен арнайы баспасөз конференциясында Ауғанстанда уақытша үкімет құрылатынын, қазір олардың басшылары кім болатынын жариялауға дайындық жүріп жатқанын жеткізді.

Жаңа үкіметтің қай күні құрылатыны және толық мәліметтер жақын арада хабарланады,-деді Муджахид.

Сонымен қатар ол үкімет жан-жақты болатынын айтып, өтпелі кезеңдегі ауған халқына үміт отын ұялатты.

Бұрынғы әскери шенеуніктер жаңа үкіметтің қауіпсіздік органдарына шақыртылады. Сондай-ақ көрші елдермен тығыз байланыс орнатамыз деген үміттеміз,- деді З. Муджахид.

Өзгелердің жаңалығы