Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

8 Қазан 2023, 18:30
695
Бөлісу:
Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

"Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) мәліметінше, Ауғанстандағы жер сілкінісі салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Талибан" үкіметі өкілінің орынбасары Билал Карими мың адам мерт болғанын хабарлады.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Батыс Ауғанстанды дүр сілкіндірген қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2000-нан астам адамға дейін өсті.

 

Өзгелердің жаңалығы