Ауғанстандағы Қазақстан елшілігі тәліптер қорғауында

20 Тамыз 2021, 16:07
8052
Бөлісу:
Ауғанстандағы Қазақстан елшілігі тәліптер қорғауында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин арнайы өткен брифингте айтты.

СІМ өкілі Қазақстан елшілігі тәліптермен қандай да бір келісім жасады ма деген сұраққа былай жауап берді.

Олармен қандай да бір байланыс болған жоқ. Кабулдағы біздің елшіліктің мәліметінше, тәліптер келіп олардан кім екендерін, қайдан келгендерін сұраған. Елшілік Қазақстаннан екенін айтқанда, олар ештеңеден қорықпаңдар, бұған дейін қалай жұмыс істедіңдер, солай жұмыс істей беріңдер, сендер біздің қорғауымыздасыңдар депті. Содан бері олар біздің елшілікті күзетіп жүр. Тек осындай деңгейде ғана байланыс болды,-дейді Ақан Рахметуллин. 

Бұған дейін ҚР СІМ-і таңкестік ұйым деп танылған тәліптерді мойындамағандарын мәлімдеген.

Өзгелердің жаңалығы