Қазақстандық сейсмологтар Ауғанстанда қатты жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер асты дүмпулері 15 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 09:36-да ТЖМ “СОМ” ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1544 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 14,2. MPV магнитудасы - 6,3, - делінген хабарламада.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, 6,4 баллдық жер сілкінісінің ошағы шамамен 272 мың адам тұратын Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 32шақырым жерде орналасқан.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ
Естеріңізге сала кетейік, 7 қазанда Ауғанстанда магнитудасы 6,2-ге тең жер сілкінісі болып, 2 мыңнан астам адам қаза тапты.
Қазақстан Ауғанстанға 1,6 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті.