Ауғанстанда содырлар жарылғыш затты велосипедпен әкелген

19 Ақпан 2021, 18:15
1535
Бөлісу:
Ауғанстанда содырлар жарылғыш затты велосипедпен әкелген

Алматы, BAQ.KZ. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласында жарылғыш зат таңылған велосипед жарылысынан 14 адам зардап шекті. 

Бұл туралы аталған провинцияның полицейі Жамал Барыкзай мәлімдеді, деп жазды Синьхуа агенттігі.

Полицейдің мәліметінше, содырлар велосипедке жарылғыш затты орнатып, газ баллондар сатылатын дүкен маңындағы тұраққа апарып қойған. Кейін жарылғыш затты іске қосқан.

Зардап шеккендердің үшеуі өте ауыр халде. Бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр, - дейді ол.

Қазір Қанадағар қаласы «Талибан» қозғалысы содырларының ордасына айналғандай, соңғы жылдары мұнда әскери әрекеттер өрши түскен.

Өзгелердің жаңалығы