Ауғанстанда Президенттің кеңесшісін атып өлтірді

31 Тамыз 2020, 17:44
1651
Бөлісу:
Ауғанстанда Президенттің кеңесшісін атып өлтірді

Алматы, BAQ.KZ. Кабулда Ауғанстан Президентінің қоғамдық іс жөніндегі аға кеңесшісі Мухаммед Хасан Хотакты атып өлтірді. Бұл туралы Khaama press  басылымы хабарлады.

Аталған басылымның мәліметінше, жексенбі күні кешке Ауғанстан астанасының Кала-и-Вазир ауданында белгісіз адамдар оқ атқан. Салдарынан Президент кеңесшісі сол жерде қаза тапқан.

Қауіпсіздік қызметтері қосымша мәлімет бермеді. Алайда, кінәлі адамдарды жауапқа тарту мақсатында тергеу амалдары жүріп жатқанын айтқан.

Ешбір топ немесе жеке адам бұл шабуылды өз мойнына алмаған.

Ауғанстан Президенті Ашраф Гани адам өлтіргендерді айыптап, бұл жағдайды террористік акт деп атады.

Өзгелердің жаңалығы