Ауғанстанда доллар қымбаттап, айырбастау пункттері жабылып қалды

 13 Желтоқсан 2021 2021, 13:53
13 Желтоқсан 2021 2021, 13:53
1523

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанда валюта айырбастау орындары орналасқан ең ірі базар  жұмысын уақытша тоқтатты. Бұған ұлттық валюта - афганидің күрт құнсыздануы себеп, деп жазды Хабар24.

Тәліптер билікке келмей тұрған кезде, мәселен, тамыздың басында бір доллар 79 афганиге сатылса, қазір ол 109 афганиге саудаланып жатыр. «Талибан» өкілдерінің ел экономикасын қалпына келтіру шараларына қарамастан сарапшылар аухалдың өте күрделі екенін хабарлайды. 

БҰҰ мамандарының топшылауынша, наурызға дейін Ауғанстан халқының жартысынан астамы азық-түлік тапшылығын сезуі мүмкін.

 


 

 

Наверх