Ауғанстанда әйелдерге қатысты тағы тыйым салынды

Ауғанстанда рухани көшбасшы саналатын Хайбатулла Ахундзада үйлердің терезесі арқылы әйел адамдарға қарауға тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 30 Желтоқсан 2024, 03:21
30 Желтоқсан 2024, 03:21
788
Фото: pixabay.com

Ауғанстанда рухани көшбасшы саналатын Хайбатулла Ахундзада үйлердің терезесі арқылы әйел адамдарға қарауға тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Tolo News таратқан ақпаратқа сәйкес, жаңа жарлық бойынша ел тұрғындары терезеден көрші үйлердің терезесінен әйелдер көрінбейтіндей етіп жасауға тиіс. Жарлық егер көрші орналасқан ғимаратқа қарап тұрған терезеде әйел адам көрінген жағдайға қатысты айтылған. Яғни бір-біріне қарама-қарсы үй салуға тыйым салуды қарастырады.

Егер үйде көрші ғимаратқа қарайтын терезе болған жағдайда оның алдына адам бойындай қабырға салып, сол арқылы "көршіге келтіретін зиянның алдын алу" қарастырылуы қажет.

Наверх