Ауғанстан үкіметі тәлібтерге шабуыл жасады

27 Маусым 2021, 15:13
2521
Бөлісу:
Ауғанстан үкіметі тәлібтерге шабуыл жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанда «Талибан» тобының мүшелері мен қауіпсіздік күштері арасындағы кезекті қақтығыс кезінде кем дегенде 46 тәліб қаза тапты, тағы 25 адам жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа Ауғанстан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Қарулы қақтығыс Солтүстік Тахар провинциясында ауған әскерлері Талибан конвойына және Дашти Кала мен Рустак аудандарындағы содырлардың жиналуына соққы берген кезде басталды.

Ауған тарапының мәліметінше, қаза тапқандардың арасында Талибанның сегіз басшысы болған.

Сондай-ақ содырлардың екі көлігі және бірнеше қару-жарақ пен оқ-дәрі жойылды, - делінген хабарламада.

Агенттік соңғы апталарда Ауғанстанның солтүстігінде қызу шайқастар жалғасып жатқанын еске салады, нәтижесінде Талибан бірнеше ауданды бақылауға алды. Өз кезегінде үкімет күштері кейбір аумақтарды қайтарып алды.

Еске салайық, сәуір айында АҚШ пен НАТО Ауғанстаннан ресми түрде әскер шығара бастады. АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-тың барлық әскери қызметшілері 11 қыркүйекке дейін елден кетуі керек деді.

Өзгелердің жаңалығы