Ауғанстан билігі Пәкістанды Кабулдағы есірткіге қарсы реабилитациялық ауруханаға жасалған әуе соққысы үшін кем дегенде 400 адам қаза тапты деп айыптады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
APnews-тің ақпаратынша, Ауғанстан үкіметі өкілі Хамдулла Фитрат X желісінде жариялаған хабарламасында соққының сағат 21:00-де жасалғанын, 2 000 орындық аурухананың ірі бөліктері қирағанын мәлімдеді. Оған қоса, шамамен 250 адам жарақат алды.
Жергілікті телеарналар қауіпсіздік күштерінің өртті сөндіріп, зардап шеккендерді тасымалдап жатқан бейнематериалдарын көрсетті. Ауғанстан үкіметінің өкілі Забихулла Муджахид Пәкістанды «ауруханаларды және бейбіт тұрғындарды нысанаға алу арқылы қорлық жасау» деп айыптап, бұл әрекетті адамзатқа қарсы қылмыс деп атады.
Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шарифтің өкілі Мұшарраф Заиди ауруханаға соққы жасалғаны туралы айыптауды негізсіз деп санады. Пәкістанның ақпарат министрі Аттаулла Тарар әуе соққылары тек Кабул мен Шығыс Афғанстандағы әскери объектілерге жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, Кабулдағы екі нысанда «техникалық инфрақұрылым және оқ-дәрі қоймалары» жойылған.
Барлық нысан тек Ауғанстандағы Талибан режимі арқылы қолдау көрсетілетін террорлық топтарға бағытталған, - деді Тарар.