Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына дайындық мәселесі қаралды

18 Сәуір 2022, 16:39
4700
Бөлісу:
Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына дайындық мәселесі қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың төрағалығымен Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Оған бірқатар мемлекеттік орган өкілдері мен өңір әкімдері, Қазақстан жазушылар одағы мен М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының басшылығы, танымал тарихшылар мен әдебиеттанушылар қатысты. 

Қазақтың заңғар жазушысының мерейтойын атап өту жөніндегі жалпы республикалық жоспарға сәйкес биыл 4 бағыт бойынша 82 іс-шара ұйымдастырылады. Оның ішінде, М.Әуезовтің әдеби-мемориалдық үй-мұражайы ғимаратына ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіліп, Шолпан-Атада жазушының бюсті орнатылады. Мектеп оқушыларына арналған «Әуезовтану» бейнедәрістер циклы әзірленіп, әдеби подкасттар жасалады. Халықаралық театр фестивалі өткізіліп, «Ақан-Зайра» трагедиясы алғаш рет сахналанатын болады. 

Сондай-ақ, «Қилы заман» повесі бойынша телехикая түсіру қолға алынбақшы. Шетел архивтерінде М. Әуезовке қатысты құжаттар зерделеніп, тың материалдар іздестіру қарастырылған. 

Бұдан бөлек, Жоспардан тыс өңірлік деңгейде 500-ден аса мерекелік шара өткізу көзделіп отыр. Осы ретте Е. Тоғжанов жазушының мерейтойын атап өтуге барлық өңірлер лайықты деңгейде атсалысу қажеттігін атап өтті. 

Кеңес барысында әдебиеттанушылар мен жазушылар тарапынан мерейтойды өткізуге қатысты бірқатар ұсыныстар айтылып, оларды іс-шаралар жоспарына енгізу жұмыс тобымен мақұлданды. 

Вице-премьер қоғамдық маңызы бар мәдени-бұқаралық, ақпараттық-имидждік, ғылыми зерттеу, ағартушылық іс-шараларының жоғары деңгейде орындалуы үшін бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, Мәдениет және спорт министрілігіне Жоспар мен мерейтой логотипін барлық мемлекеттік органдарға уақытылы жолдауды және оның іске асырылуы туралы есептік ақпаратты тоқсан сайын Үкіметке енгізіп отыруды тапсырды. Сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Жоспардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.

Өзгелердің жаңалығы