Әуезов театры билеттерді енді өз сайты арқылы сататын болды

23 Ақпан 2022, 18:33
4172
Бөлісу:
Әуезов театры билеттерді енді өз сайты арқылы сататын болды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында бірқатар өзгерістер болды. 

Тетардың логотипі өзгерген және  билетті бірден мекеменің сайтынан алуға болады.

Әуезов театры билеттерді енді өз сайты арқылы сататын болды

Премьералар апталығына орай өткен басапасөз жиынында тетар директоры Еркін Жуасбек мекемедегі жаңашылдықтар туралы баяндады.

2020 жылы М. Әуезов театры Ұлттық мәртебесіне ие болды. Соған орай көрермендермен байланыс орнату желілері түгелдей өзгерді. Бүгіннен бастап сайтымыздың жаңа нұсқасы іске қосылды. Енді театрымызға билеттерді біздің сайттан сатып ала аласыздар. Бұған дейін Тикитон, Билет.кз сынды сайттар арқылы билетті халыққа жеткізетінбіз. Ол үшін билеттен түскен қаржының 8-10 пайызын төлеп келдік, - деді ол.

Сонымен қатар ол техникалық өзгерістерді демеушілердің көмегімен іске асырғандарын жеткізді.

Сайтта әр актер, қойылым жайлы ақпарат өте ыңғайлы етіп берілді. Оның үстіне театрда өтетін байқаулар, бос жұмыс орыны сияқты барлық мағлұмат беріледі. Ал, жаңа логотипіміздің негізгі белгісі ретінде шаңырақ алынды. Қазіргі логотиптердің тенденциясын зерделей келе осындай шешімге келдік, - деді театр  директоры.

Айта кетсек, театр бүгіннен бастап бес қойылымның премьерасы өтіп жатыр. Атап айтсақ «Қан мен тер. Ақбала», «Қытайдан келген сәлемдеме», «Мақшар түнгі махаббат», «Қайдасың, мама?!», «Бейтаныс таныстар» қойылымдары қалың көрерменге жол тартты.

Өзгелердің жаңалығы