Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайында көптен бері ешкім іздемеген чемодандар 1099 теңгеден сатылады деген хабар тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Facebook-тегі хабарламалардың бірінде Алматы әуежайында алты ай бұрын иелері іздемеген, ішінде заттары бар чемодандарды сатамыз деген ақпарат пайда болды. Желі пайдаланушыларына сілтемеге өтіп, ұнайтын өнімді таңдап алу ұсынылған.
Әуежайдың баспасөз қызметі бұл ақпаратқа жауап беріп, әлеуметтік желідегі мәліметке сенбеуге шақырды.
Алматы халықаралық әуежайы әлеуметтік желілерде таралған жоғалған жүктер сатылымына қатысты ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Алматы әуежайы ешбір сатылымдар мен аукциондарды өткізбейді. Мұқият болып, алаяқтардан сақ болыңыз!, - деді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: