Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қолайсыз метеожағдайға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайда 32 әуе рейсі кешіктірілуде. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Сонымен бірге, 17 рейс әуе кемелерінің басқа қалалардан кеш келуіне байланысты орындалмай жатыр.
Атап айтқанда, Air Astana әуе компаниясының 9 рейсі (олардың ішінде Омбы, Ташкент, Мәскеу мен Киев қалаларына бағытталған халықаралық бағыт), Qazaq Air әуе компаниясының Алматы және Қостанай қалаларына 2 рейсі, Fly Arystan әуе компаниясының Павлодар және Қостанай қалаларына арналған 3 рейсі, SCAT әуе компаниясының Ұлан-Батыр, Алматы және Ақтөбе қалаларына бағытталған 3 рейсі, LOT Polish әуе компаниясының Варшаваға бағытталған 1 рейсі кешіктірілген.
Қолайсыз метеожағдайға байланысты әуежайда 15 рейс әуе кемелерінің басқа қалалардан кеш келуіне байланысты орындалмай отыр. Мәселен, Air Astana әуе компаниясының 7 рейсі, Qazaq Air әуе компаниясының 2 рейсі, Fly Arystan әуе компаниясының 2 рейсі, сонымен бірге LOT Polish, Lufthansa, Turkish Airlines және SCAT әуе компанияларының бір-бір рейсі. Боранның көтерілуіне байланысты әуе сапарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуе кемелерін мұздауға қарсы өңдеуге рұқсат берілмейді, - делінген хабарламада.
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайы штаттық режімде жұмыс істеп тұр.