Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қалалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 6 рейс кешіктіріліп, 5 рейс тоқтатылды.
Әуе кемесінің басқа қалалардан кеш келуі себебінен 2 рейстің ұшып келуі кешіктірілуде:
- SCAT авиакомпаниясының 1 рейсі (Мәскеу);
- Qazaq Air авиакомпаниясының Қостанай қаласынан 1 рейсі;
Қолайсыз метеожағдайларға байланысты 4 рейстің ұшуы кешіктірілуде:
- Air Astana авиакомпаниясының Омбы қаласына 1 рейсі;
- Қостанай қаласына Qazaq Air авиакомпаниясының 1 рейсі;
- SCAT авиакомпаниясының Ұлан-Батыр мен Мәскеуге 2 рейсі;
- LOT Polish авиакомпаниясының Нұр-Сұлтан - Варшава бағыты бойынша 2 рейсі және Эйр Астана авиакомпаниясының Алматы, Омбы мен Мәскеуге 3 рейсі тоқтатылды.
Қазір жолдағы көрінімділік қашықтығы - 350 метр, тік- 220 метр. Жел секундына 20 м, кей жерде екпіні секундына 23 м дейін жетеді.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді, - делінген хабарламада.