Астанадағы №317 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастады. Дауыс беруге алғашқылардың бірі болып “Бодрость” қысқы жүзу клубының мүшелері келді. Шыныққан қала тұрғындары учаскеге футболкамен келіп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Клуб ұйымдастырушысы Талғат Қалықовтың айтуынша, бірлестік мүшелері референдумға келіп, дауыс беру туралы алдын ала келіскен. Оның айтуынша, қазір клубқа жастар да белсенді қатысып жүр.
Бүгін 15 наурыз – референдум күні. Біз бәріміз дауыс беруге келдік. Мұны алдын ала ақылдасып, келісіп алғанбыз. “Морждар және Бодрость” клубы қысқы жүзумен айналысады. Қазір клубта жастар көп, олар да бұл бастаманы қолдайды. Референдумнан кейін осы жерден бірден барып, мұздай суға шомыламыз. Бізбен бірге болғысы келетіндерге есігіміз ашық. Біз тек салауатты өмір салтын қолдаймыз, – деді Талғат Қалықов.