Әуелбекова КВИ-ден кейінгі жағдайы жайлы айтты

10 Мамыр 2021, 21:32
1790
Бөлісу:
Әуелбекова КВИ-ден кейінгі жағдайы жайлы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Әнші Мөлдір Әуелбекова коронавирусты жеңіп ауруханадан үйге шықаны туралы жазды. 

Аллаға шүкір, коронавирусты жеңіп ауруханадан үйге келдік. Дәрігерлердің еңбегін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Аллахым күш-қуат берсін! Жүрегімнің ішінде жүрек болғасын сізде «положительный» результат дегенде ковид атауының өзі психологоиялық тұрғыда ауыр тиеді екен, - деп жазды ол. 

Мөлдір Әуелбекова қайта жұқтыру қауіпті болатынын айтты. 

 Жақындарым мен сіздердің қолдауларыңызбен еш мойымай, дер кезінде ем алып Алланың қалауымен сауығып шықтық. Бәрі жақсы, шүкір! Хәлімізді сұрап, уайымдап хабарласып жатқан жаны жайсаң шынайы жанашырларыма рақмет! Алла сіздерге разы болсын тілеулестерім! Енді, бұйырса босанғанша ешқайда шықпай сабыр етіп үйде отыруым керек. Қайта жұқтыру жылдамырақ әрі қауіптірек болады екен. Сақтанып жүріңіздер! Алла амандықта жүздесуді жазсын, - деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы