Сауд Арабиясында саябақтағы аттракциондардың бірі сынып, онда отырған жиырмадан астам адам жарақаттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі people.com-ға сілтеме жасап.
Оқиға Таиф қаласындағы Green Mountain саябағында болған.
Желіде жарияланған видеоларда адамдар 360 Degrees деп аталатын аттракционға мініп отырғаны көрінеді. Бұл құрылғы әдетте жолаушыларды орындықтарына байлап, әуеге көтеріп айналдырады. Алғашында аттракцион қалыпты жұмыс істегеп тұрған. Бір сәтте аттракцион жоғары жылдамдықпен көтеріле бастаған кезде, темір көтергіш екіге бөлініп, платформа жерге гүрс етіп құлаған.
Орындықтар жерге қатты соғылғанда жолаушылар соққыдан жоғары ыршыған. Ал жақын маңдағы адамдар оқыс оқиғаны көріп шошып қалған.
Аттракционға мінген барлық 23 адам жарақат алған. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.
Қазір аттракционның құлау себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары бастады.