Қазақстан мен Польша арасында жаңа әуе рейстері ашылады

4 Желтоқсан 2019, 11:11
15032
Бөлісу:
Қазақстан мен Польша арасында жаңа әуе рейстері ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 желтоқсанда қазақстандық делегация Польшаның авиациялық билігімен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес енгізілген "ашық аспан" режимі аясында екі ел арасында қатынайтын рейстер ұлғайтылатын болды.

Қазіргі уақытта олардың саны аптасына 4 рет болса, енді 14-ке жеткізіледі. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан-Варшава бағыты күнделікті рейс болады, сондай-ақ Варшава-Алматы бағытына аптасына 7 рет қатынайды.


Келіссөздердің қорытындысы бойынша, "LOT Polish Airlines" әуе компаниясы 2020 жылдың жазынан бастап Варшава-Нұр-Сұлтан
бағытындағы рейстер санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыратын болды. Сонымен қатар, алдағы жылы Алматыға тұрақты рейстер ашпақшы. Польшаның әуе компаниясы Шымкентке де рейстер ашуды жоспарлап отыр, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы