Әуе патруліне қатысты дау: Сеул Мәскеу мен Бейжіңге наразылық білдірді

Корея Республикасының Қорғаныс министрлігі Мәскеу мен Бейжіңді мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауға шақырды.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 01:29
Бүгiн 2026, 01:29
137
Фото: depositphotos.com

Корея Республикасы Ресей мен Қытайдың бірлескен әуе патруліне байланысты екі елдің әскери атташелеріне ресми наразылық білдірді. Сеулдің мәлімдеуінше, Ресей мен Қытайдың әскери ұшақтары алдын ала ескертусіз Корея Республикасының әуе қорғанысын тану аймағына (KADIZ) кірген. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

Корея Республикасының Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 27 маусым күні Ресей мен Қытай әскери авиациясының Жапон және Шығыс Қытай теңіздері үстіндегі бірлескен патруліне байланысты Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасының әскери атташелері Сеулге шақырылып, оларға ресми наразылық жеткізілген.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, патрульге Ресейдің Ту-95МС стратегиялық зымыран тасығыштары мен Қытайдың H-6K стратегиялық бомбалаушы ұшақтары қатысты. Ведомство ұшулар халықаралық құқық талаптарына толық сәйкес жүргізілгенін және ешбір мемлекеттің әуе кеңістігі бұзылмағанын мәлімдеді.

Сеулдің айтуынша, ұшақтар Корея Республикасы біржақты белгілеген әуе қорғанысын тану аймағына енген. Бұл аймақ халықаралық құқық бойынша мемлекеттік әуе кеңістігі болып саналмайды, дегенмен Оңтүстік Корея мұндай жағдайларда алдын ала хабарлауды талап етеді. Осыған байланысты Корея әскери-әуе күштері бақылау үшін жойғыш ұшақтарын әуеге көтерген.

Корея Республикасының Қорғаныс министрлігі Мәскеу мен Бейжіңді мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауға шақырды.

Өз кезегінде Ресей Қорғаныс министрлігі бірлескен патрульдің үшінші елдерге қарсы бағытталмағанын атап өтті. Ведомствоның хабарлауынша, ұшу барысында стратегиялық бомбалаушы ұшақтарды жекелеген бағыттарда шет мемлекеттердің жойғыш ұшақтары бірге алып жүрген.

Наверх