Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әуе компаниясы ұшаққа пауэрбанк әкелуге тыйым салды

15 Тамыз 2025, 09:15
632
Бөлісу:
 airlines-inform.ru
Фото: airlines-inform.ru

Түркияның әуе компаниясы AJet қол жүгінде портативті қуаттау құрылғыларын, электронды темекілерді, қосалқы және сыртқы аккумуляторларды алып жүруге тыйым енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Rustourismnews-ке сілтеме жасап.

Бұл шешім Түркияның Азаматтық авиация бас басқармасының (SHGM) ұсынымдарына сәйкес қабылданған.

Бұл қадам ұшақ салонында литийлі батареялардың тұтану немесе қызып кету қаупіне байланысты әуе қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Бұған дейін елдің ең ірі әуе тасымалдаушылары, соның ішінде Turkish Airlines, осындай шектеулер енгізген еді.

Осылайша, тыйым біртіндеп Түркиядағы тағы да көптеген әуе компанияларын қамтып келеді.

Жолаушыларға рейске дейін электроника мен аккумуляторларды тасымалдау ережелерін алдын ала нақтылап алуға кеңес беріледі. Себебі ережені бұзу құрылғылардың тәркіленуіне немесе оларды алып жүруге рұқсат бермеуге әкелуі мүмкін. Талаптарды сақтамау отырғызу кезінде кідірістер мен басқа да қолайсыздықтарға себеп болуы ықтимал. 

Сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта өңірдегі өзге де әуе компаниялары авиациялық қауіпсіздікті қатаңдату жаһандық үрдісіне ілесіп, бұл тәжірибені қабылдауы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы