Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың қорытындысында әуе компаниялары 5,5 млн адам тасымалдады. Бұл 2019 жылға қарағанда 36% төмен көрсеткіш. ИИДМ вице-министрі Берік Камалиев министрліктің алқа отырысында атап өткендей, бұған пандемия кезінде ұшуларға қойылған шектеулер әсер етті.
Оқи отырыңыз:
Бүгінгі таңда 45 бағыт бойынша ішкі әуе рейстері қайта ашылды және 12 елмен (Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет, Ресей, Мальдив, Шри-Ланка) әуе қатынасы қалпына келтірілді.