Әуе кеңістігіндегі көрсетілген қызмет көлемі рекордтық көрсеткішке жетті

15 Мамыр 2024, 09:03
375
Бөлісу:
Әуе кеңістігіндегі көрсетілген қызмет көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: Артём Чурсинов - архив

Тәуелсіз Қазақстан тарихында әуе кеңістігіндегі көрсетілген қызмет көлемі рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылы «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорын мамандары еліміздің әуе кеңістігінде 415 мыңнан астам ұшып-қону бойынша аэронавигациялық қызмет көрсеткен. Оның ішінде, 107 мыңға жуығы отандық әуе компанияларымен, ал 308 мыңы шетелдік әуе компанияларымен жүзеге асырылған рейстер. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

2024 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің әуе кеңістігінде 90 мыңнан астам аэронавигациялық қызмет көрсетілген. Оның ішінде, отандық әуе компанияларымен жасалған 25 мың рейс пен шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырған 69 мың рейс.

Көлік министрлігінің «Қазаэронавигация» РМК республиканың бүкіл аумағында әуе қозғалысын ұйымдастырумен айналысады (2,7 миллион шаршы шақырым). Бақыланатын әуе трассаларының жалпы ұзындығы 111 мың шақырымды құрайды. Кәсіпорынның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өзгелердің жаңалығы