Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Израильдің оңтүстігінде кенеттен әуе дабылы іске қосылды

12 Қаңтар 2020, 18:15
3229
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильдің оңтүстігіндегі киббуцті (Израильдің ауылшаруашылық коммунасын) "зымыранмен атқылады" деген ақпарат тарады.

Бұл туралы израильдік әскерилер хабарлады, деп жазды РИА Новости. Алайда, кейіннен олар дабыл белгісі "зымыран оқтарының атқылауы" себебінен емес деп қосты. 

Нахаль Оз киббуцінде дабыл белгісі соғылды, - деп жазды Израиль әскерінің баспасөз қызметі.

Бірнеше минут өткеннен кейін әскерилер дабыл белгісі оқ жаудыру салдарынан шыққанын жоққа шығарды.


Өзгелердің жаңалығы