Қарасай ауданында қосалқы электр стансасы іске қосылды

18 Қаңтар 2020, 11:33
2472
Бөлісу:
Қарасай ауданында қосалқы электр стансасы іске қосылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Қарасай, Жамбыл, Іле аудандары мен Алматы қаласының батыс бөлігін электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге арналған қосалқы стансасы Қарасай ауданында іске қосылды.

Салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Смағұлов қатысты.

DSC_3902.JPG

Келушілерге жаңадан іске қосылған 220/110/10 кВ "Қаскелең-220" қосалқы стансасының ішкі құрылғылары таныстырылды.

DSC_3901.JPG

А. Есімов пен А. Баталов арнайы нүктені басып, ресми түрде "Қаскелең-220" қосалқы стансасын іске қосты.

DSC_3862.JPG

Нысанның ашылуымен жиналған көпшілікті "Самұрық Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Смағұлов құттықтады:

Алматы облысы - еліміздегі ірі аймақтардың бірі. Облыс барлық бағытта белсенді дамып келеді. Оны одан әрі дамыту үшін сапалы электр энергиясы керек, сондықтан біз өз тарапымыздан қажетті көрек көрсетеміз. Осы мақсатта бүгін "Қаскелең-220" қосалқы стансасын іске қосып отырмыз. Бұл қосалқы станса облыстың ауқымды үш ауданы мен Алматы қаласының батыс бөлігіндегі 400-ден астам заңды мен 6200-дей жеке тұлғаларды электр энергиясымен қамту үшін қажет. Қосалқы станса сапалы әрі сенімді құрал-жабдықтармен жабдықталған. Стансаның барлық қызметкерлерінің жұмысына табыс тілеймін. Осы маңызды нысан халыққа қызмет ете берсін, - деді А.Есімов.

DSC_3896.JPG

Облыс әкімі Амандық Баталов та сөз алып, ашылған нысанның өңір халқын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті:

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысында өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі триллион теңгеге жуықтады. Мұндай көрсеткішке қол жеткізуде Алматы қаласымен шектесетін, ірі өнеркәсіп орындары орналасқан аудандардың қосқан үлесі зор. Бұл кәсіпорындардың табысты жұмыс істеуі үшін үздіксіз электр энергиясы қажет. Сондықтан Қарасай ауданында мұндай қуатты стансаның салынып, іске қосылуы - бәріміз үшін қуанышты оқиға. Соның арқасында облыстағы өнеркәсіп орындарының 70 % орналасқан Қарасай, Жамбыл, Іле аудандары электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етіледі. Алдағы уақытта "АЖК" АҚ-мен келісім бойынша жоғары кернеулі желі осы қосалқы стансадан тағы бір қосалқы станса салынатын Көкөзекке дейін тартылады. Соның арқасында "Боралдай" индустриалды аймағы қажетті электр энергиясымен қамтылады, бұл онда инвестиция тартуға, жаңа өндірістер ашып, жұмыс орындарын құруға ықпал етеді, - деді А.Баталов.

Ол облыста дәстүрлі энергия көздерімен қатар баламалы энергия көздеріне де ерекше назар аударылатынын тілге тиек етті.

Облыста ГЭС салынып жатыр, Қапшағайда 400 га жерге орналасқан,  қуаты 100 МВт күн электр стансасы іске қосылды. Сол сияқты Еңбекшіқазақ пен Іле аудандарындағы 50 МВт екі күн электр стансасы пайда болды. Сонымен қатар алдағы уақытта Талдықорған қаласында ЖЭО құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде оны жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы облыстағы электр энергетикасын дамыту табысты жүргізіліп келеді. Бүгінгі жағдайды пайдалана отырып, осы маңызды жобаның сапалы жүзеге асырылуына үлкен үлес қосқан  құрылысшыларға облыс халқының атынан зор алғыс айтамын, - деді ол.

Нысанның ашылуымен электр энергетикасының ардагері, "Самұрық Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Есберген Әбітаев құттықтап, бұл қосалқы станса тұтынушыларын электр энергиясымен кемінде 15-20 жыл қамтамасыз ететінін айтты.

DSC_3792 (1).JPG
220 кВт электр тарату желісі бар 220/110/10 кВт "Қаскелең-220" қосалқы стансасы "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның сенімді басқаруына берілгенін атап өту керек. Құрылыс жұмыстарын "Кернеу Limited" ЖШС мердігер компаниясы жүргізген. Жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 4,7 млрд теңге бөлінген.
Өзгелердің жаңалығы