Аудандық мектеп 26 млн теңгені негізсіз жұмсаған

14 Мамыр 2024, 20:12
555
Бөлісу:
Аудандық мектеп 26 млн теңгені негізсіз жұмсаған
Фото: Арман Мухатов - архив

Мемлекеттік аудит барысында Маңғыстау мектептерінің бірінде шамамен 26 млн теңгеге бұзушылық анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының №6 жалпы білім беретін мектебінде шамамен 26 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Білім мекемесіне қатысты аудиторлық іс-шараларды Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті өткізді.

Нәтижесінде қаржылық және рәсімдік сипаттағы бірқатар бұзушылық анықталды.

Жекелеген қызметкерлерге еңбекақыны, негізсіз қосымша ақылар мен сыйлықақыларды артық төлеу, сондай-ақ іссапар тапсырмаларын орындамау және іссапар құжаттарын дұрыс ресімдемеу фактілері анықталды. Осылайша, жалпы сомасы 25 891,5 млн теңгеге әртүрлі бұзушылықтар анықталды, - делінген хабарламада.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша бюджет қаражатын өтеу және бухгалтерлік есепті қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ ҚР заңнамасын бұзуға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы