Аудандағы ауруханалар адамды өлтіреді – Зайытов

26 Наурыз 2025, 17:50
9397
Бөлісу:
Аудандағы ауруханалар адамды өлтіреді – Зайытов
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов халықтың МӘМС жарнасын төлеуіне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы МӘМС жүйесін тоқтата тұрайық деп, зарладық. Желінген ақша желге ұшып жатыр. 2022 жылдың өзінде 3 млн-ға жуық бұзушылықтан 20,8 млрд теңге шығын келді. Аудандарымыздағы ауруханаларымыздың жағдайын бәріңіз білесіздер. Адамды қалпына келтіргеннен гөрі, өлтіргені көп. Облыстағы ауруханаларда маман жетіспейтінін жақсы білесіз, Ақмарал Шәріпбайқызы (Денсаулық сақтау министрі – ред.). Бізде Абай облысы бар, бірақ облыстық аурухана жоқ, - деп сынады депутат.

Қазақстанда жедел жәрдемнің 70%-ы жарамсыз.

Дәрі-дәрмек жоқ, жетпейді. Президент “Әділетті Қазақстан” құруымыз керек деп тапсырма берді. Осының бәрін қалыпқа келтірмей жатып, халықтың қалтасынан МӘМС-ке ақша төле дегеніміз қаншалықты әділетті? – деп сұрады Ринат Зайытов.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова депутат айтқан мәселелер бар екенін жасырмады.

Сіз айтып кеткен проблемалар жоқ емес, бар. Бүгінгі таңда тозығы жеткен, оның ішінде ауылдық жерлердегі инфрақұрылымға 2024 жылы 24 маусымда тұжырымдама қабылданды. Ол Үкімет қаулысымен бекітілді. Енді 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен инфрақұрылымды жаңарту қарастырылып отыр, - деді министр.

Әлназарованың сөзінше, облыстар көлік мәселесін жергілікті бюджет есебінен шешпек.

Өзгелердің жаңалығы