"Аудан әкімі сөгіс алды" – Ұранхаев Аягөздегі жағдай туралы

4 Қараша 2024, 17:32
474
Бөлісу:
"Аудан әкімі сөгіс алды" – Ұранхаев Аягөздегі жағдай туралы
Фото: ОКҚ

Абай облысы Аягөз қаласында 15-нен 16 қазанға қараған түні 7 көпқабатты тұрғын үй, 3 мектеп, көптеген балабақша және 50-ден астам жеке үйлер жылусыз қалған болатын. Оқиғаның мән-жайын БАҚ өкілі ОКҚ-да өткен брифингте облыс әкімінен сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тілші Аягөз ауданы әкімінің бұл жағдайға қатысты берген жауабы күлкілі екенін айтты.

Ол олқылықты мердігер компаниядан көріп отыр. "Құбырлар кешікті, салдарынан осындай қателіктер болды" дейді. Президент пен премьер-министрдің жылу маусымына қатысты берілген тапсырмалары неге орындалмады? – деп сұрады БАҚ өкілі.

Ол ресми ақпарат бойынша олқылық жойылғаны айтылғанымен, 18 қазанда "әлі жылу жоқ" деген тұрғындар болғанын атады.

15 қазанда қазандық емес, тек қана құбырлар жарылған. Ол – бір. Екіншіден, оны 3 сағаттың ішінде жөндеп, іске қосты. Аудан әкімі бұл жұмыс үшін сөгіс алды. Үйлердің ішіне жылу келді, бірақ үйдің ішкі жүйесін жөндеу керек. Ол – КСК-ның жұмысы. Себебі ол үйлерге жылу келгенде жиі кездесетін жағдай, - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Өзгелердің жаңалығы